Толғандырған мәселелермен депутатқа жүгінді

Азаматтардың өтініштері түрлі топтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қажеттіліктері мен көңіл-күйлерінен мәлімет беретіні белгілі. Өтініштерде көрсетілген мәселелердің сапалы әрі уақытылы шешілуі азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарын айтарлықтай жеңілдетіп, қоғамдағы қарбаластық пен шиеленісті бәсеңдетіп, тұрғындармен байланыс орнатуға, басқару және әкімшілік мекемелерінің абыройын көтеруге септігін тигізеді.

Депутаттық қызмет шеңберінде ағымдағы жылдың 20-шы қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Астана қаласы маслихатының хатшысы Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы азаматтарды жеке сұрақтар бойынша кезекті қабылдауын өткізді.

Қабылдау күні маслихат хатшысына көмек және кеңес үшін 3 адам келді. Тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары негізінен тұрғын-коммуналдық шаруашылығы, яғни Күмісбеков көшесіндегі №8 үйдің лифт қызметі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты қоғамдық көлікпен тегін жүруді қамтамасыз ету және сот шешімінің орындалуы бойынша түсініктеме беру сұрақтары төңірегінде болды.

Қабылдау барысында Жанат Нұрпейісов келген азаматтардың барлық мәселелері бойынша кеңес беріп, заңнама шеңберінде әрекет ету тәртібін түсіндірді, сонымен қатар өтініштерді қажетті шаралар қабылдау үшін жауапты орындаушыларға бағыттады.