Төртінші шақырылған Астана қаласы мәслихатының қырық тоғызыншы сессиясы өткізілді.

Төртінші шақырылған Астана қаласы мәслихатының қырық тоғызыншы сессиясы 2010 жылғы 17 маусымда өткізілді.

«Елорда халқын жұмыспен қамтуды жақсартудың жай-күйі және шаралары туралы» баяндаманы Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ.Балаева жасады.  

Қала тұрғындарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мақсатында қаланың жұмыспен қамту қызметтерінің қолданған белсенді шараларына толық тоқталып, экономикалық белсенді тұрғындардың саны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 389,4 мың. кісі құрағанын, және бұл 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 5 пайызы үстем екенін атап өтті. Жұмыс істейтін халықтың саны - 364,9 мың. адам. Жұмыссыз азаматтардың саны 2,6 мың кісіге түсіп, 24,5 мың кісіні құрайды. Жұмыссыздық деңгейі 7,3-тен 6,3 пайызға дейін түсті. 2010 жылдың басынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жұмыс іздеп 11717 адам келген, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда 48,8 пайызға жоғары. Ағымдағы жылдың бес айында жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтардың саны 5629 адам болды. Экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыссыздардың үлесі 1,4 пайыз болды.  

Жарыссөзге депутаттар И.З.Катенов, Т.М.Оразақов, Астана қаласы кәсіпорындарының төрағасы С.Б.Мыңбаев қатысты.  

Астана қаласының мәслихаты шешім қабылдады, онда қалалық атқарушы органдарына елорда халқын жұмыспен қамтуды жақсарту мәселелерін шешу мақсатындағы ұсыныстар берілді.  

Сессияда, сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды; құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын-үй шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды; Астана қаласының тұрғын-үй азаматтық маңызы бар ғимараттары мен құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау Ережесі бекітілді; Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Сессияда Астана қаласы мәслихатының 2010 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары мен кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер бекітілді. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып 11 сайлау округінің депутаты Мирас Ерғалиұлы Шекенов бекітілді.