Төртінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының елуінші, кезектен тыс сессиясы өтті.

Мынадай мәселелер қаралды:

1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Астана қаласы мәслихатының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы «Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы» шешімінің күшін жойды деп тану туралы. 

3. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.  

4. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңесті құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

5. Астана қаласы әкімдігі Теңгерімдік комиссиясының құрамы туралы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Г.Т. Жүсіпова «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндамасын жасады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер бойынша жоспар 111 пайызға, салықтық емес түсімдер бойынша 134 пайызға орындалды. Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің ұлғаюына және бюджеттік қаражаттарды игеру мониторингі нәтижелері негізінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлық тағайындауларды қайта қарау қажеттілігімен, сондай-ақ, әлеуметтік сала және халықаралық маңыздағы іс-шаралар шығындарын қаржыландырудың бірқатар шұғыл мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты ағымдағы жылы Астана қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, жеке кірістер бойынша қаланың нақтыланған бюджеті 3 млрд. астам теңгеге ұлғайтылды және 71 232 971 мың теңгені құрады. «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Елді мекеннің жекелеген санаттарын амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектермен және балалар және емдік тамақтандырудың арнайы азық-түлікпен қамтамасыз ету», «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау», «18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар», «Республикалық маңыздағы қала, елорданың құрама команда мүшелерінің республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда әртүрлі спорт түрлеріне дайындау және қатысуы» және тағы басқа бағдарламалар бойынша қосымша қаржы бөлу қарастырылды.

Мәслихат сессиясында «Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы «Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы» шешімінің күшін жойды деп тану туралы» мәселесі қаралды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Р.Б. Қауғабаева аталған Бағдарламаның іске асырылуы туралы баяндама жасады, баяндамада 2005-2009 жылдары қалада құрылыс материалдарының өндірісі бойынша 11 инвестициялық жобаның іске асырылғандығы атап өтілді. Қазіргі таңда қала бойынша аталған салада шамамен 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Инвестициялық жобаларды іске асыру құрылыс материалдары көлемінің өсуіне ықпал етті. Атап айтқанда, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 790,8 млн. теңгеге өнім шығарылды. Өткен тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 87,2 пайызды құрады. Дамыту институттарымен бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша Бағдарламаны «Қазақстан Даму банкі» АҚ қаражаты есебінен «Экотон+» АҚ ұяшықты бетон блоктарының өндірісі бойынша және «Амитех Астана» ЖШС шыны пластикалық құбырлардың өндірісі бойынша 2 жоба іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарғысына, «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторинг жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына сәйкес, 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына іс-шаралардың қосылуына байланысты, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы «Астана қаласында құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» шешімі күшін жойды деп танылды.

Сессияға Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласының филиалына есепке тұрған, 2010 жылғы 1 сәуірден кейін Ұлы Отан соғысы жеңісіне елеулі үлес қосқандарға біржолғы ақшалай төлем алушылардың мәртебесі алғаш тағайындалған азаматтар мен келген азаматтардың санының ұлғаюына байланысты және біржолғы ақшалай төлем алуға құқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында, жергілікті бюджет қаражатынан 6 805 000 мың теңге сомасында төлем төлеу мүмкіндігі қарастырылды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты мәслихат сессиясымен Астана қаласы әкімдігінің Теңгерімдік комиссиясының жаңа құрамы бекітілді, Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.

Астана қаласы мәслихатының қабылданған нормативтік құқықтық актілері Астана қаласының әділет органына мемлекеттік тіркеуге жолданды.