Тұрғын үй-коммуналдық қиындықтар депутаттардың бақылауында

Мәслихат депутаттары кезекті ретте ЖЭО-3 қай уақытта пайдалануға енгізілетінін анықтауға тырысып жатыр.  Мәслихаттың тұрақты комиссия мәжілісі барысында Астананың отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық Басшылығының өкілдері елорданың тұрғын үй-коммуналдық тіршілік әрекеті деңгейінің көтерілуі үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын хабар етті.

Депутат Рамзия Умербаева ЖЭО-3 құрылысы қай аяқталу деңгейінде тұрғанын сұрады. Оның айтуынша, бірнеше жыл бойы осы ғимарат жайлы әртүрлі мәліметтер беріліп отырды: ғимарат салынуы аяқталуға таяу, оның толық аяқталуына болар-болмас қана қаражат бөлінуі қажет деп хабарланса, кейін ЖЭО-3 құрылысы газдандыру ретінде қайта жабдықталмақ деп айтылды.

Басқарма жетекшісі Ербол Төлеуовтің ескертуі бойынша, үшінші жылу энергетика орталығы тек 70% көлемінде аяқталды, қосалқы жабдықтар жетіспейді. Нысан тек 2019-2020 жылдардың жылыту маусымына қарай іске қосылады, оның өзінде оның тек бірінші бөлігі ғана. Сонымен бірге ол жобаны түзету жұмыстарына жіберу қажет болатынын ескертеді.

Депутаттар алдыңғы жылы бөлінген қаражат ЖЭО-3 нысанынан ЖЭО-2 ғимаратына бағытталғанын еске салды. Бірінші реттегі нысанды аяқтауға осы жылы 11,5 млрд теңге бөлінді.

- Былтыр қаражат ЖЭО-3 нысанынан ЖЭО-2-ге бағытталды, мен сіздерде сметалық нормативтік құнға сәйкес, толық нысан бағасының 15-20%-ын құрайтын іске қосып, тәртіпке келтіру жұмыстарының жобасы дайын емес екенін нақты білемін. Басқарма бүгінгі күні мердігер ұйымдар жұмысты болжанбаған шығын есебінен орындасын деп, оларды  ширатуға тырысып жатыр. Бірақ бұл мүмкін емес, -  деп депутат Ирина Манжинова басқарма басшылығына қарата сөз сөйледі.

Бұған Ербол Төлеуов іске қосып, тәртіпке келтіру жобасы мемлекеттік сараптамадан өткенін, оны жүзеге асыруға дайын мердігер де бар екенін түсіндірді.

- Іске қосып, тәртіпке келтіру жобасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. Төрт су жылытатын қазан бүгінгі күні дайын, нысанды қосалқы жабдықтармен қамту ғана қалды. Алайда атап өтетін бір жайт, бұл жоба бүгінгі күні қымбаттауына  байланысты бюджетті түзетілімге дайындалуда. Қазіргі уақытта техникалық аудит рәсімі аяқталып отыр. Осы орайда іске қосып, тәртіпке келтіру жұмыстарының құрылыс-монтаждық жұмыстары, түзетілімге қарамастан, ЖЭО-1, -2-нің реконструкциясы кезіндегідей тоқтатылмайды. Мемлекеттік сараптаманың сәйкестігі шығуынан кейін біз бірінші реттегі нысанды 2019-2020 жылдардың жылыту маусымынан бұрын аяқтағымыз келеді, нақтырақ айтсам, аяқтауды армандаймыз, - деп ерекше айтып өтті.

Елорданың отын-энергетикалық комплексының ендігі жұмыстарына қатысты мекеме басшысы келесі жылы 2006 жылдан созылып келе жатқан жобаларды аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. ЖЭО-1 нысанына осы жылы 6 млрд. теңге бөлінді.  Қалдық жобалардың ішінде ол сенімділік пен жылу энергиясының өсімін беретін №1 қазанагрегат құрылысын, атмосфераға шығатын қатты бөлшектерді жақсырақ ыдыратуға мүмкіндік беретін 120 метр ұзындықтағы жаңа түтін мұржасын атап шықты.

Ең үлкен нысан - ЖЭО-2 №6 турбинасының аяқталуына 10 млрд теңге бөлінді. Бұл жылу беру қуатын қосымша 120МВатт-қа күшейтіп, 180Гкал жылу энергиясына береді. Бұдан басқа, бұл қаражат ең көлемді болып табылатын, келесі жылы іске қосылатын деп уәде етілген – күл үйіндісі құрылысының аяқталуы сияқты қосалқы жобаларға да жұмсалатын болады.

Жалпы, басқарма мәліметтері бойынша, 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін 5 жоба жүзеге асырылған болатын, бұл 1200 Гкал-дан аса өсім берді.

4 км-лық құрылыс пен 1 км магистральды жылу желісін қайта құру ісіне сенімді қамтамасыз ету мен жылу желістеріне қосылуды қолжетімді ету мақсатында 2,7 млрд. теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында төртінші және бесінші кірістердің жылу магистралі жіберілді, енді оларға тек Конституция көшесінен ЖЭО-3 нысанына дейін іске қосылу керек екенін Ербол Төлеуов айтып өтті. Осы жылы бұл жұмыстар басталды және жұмыс кестесіне сай атқарылып келеді. Жылу магистралін құру мен сақиналауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінді.

Мәжіліс барысында басқарма өкілі елорданы сумен қамтамасыз ету жағдайын да атап өтті. Бүгінгі күні орталықтандырылған сумен жабдықтауды қолдануға халықтың 92%-ның  мүмкіндігі бар. Депутат Ирина Манжинованың өз кезегінде тұрғын үй-коммуналды қызметтерді атқаратын мекемелерге сұрақтары туды. Ол өзіндік қызмет сараптамасын жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың кішігірім сұрақтармен соқтығысатыны анықталды. Көбінесе шағым «Астана су арнасы» МКК-ға түсті.

– Менің жұмысқа деген кінарат-талабым жоқ, ал заңнама мен құқықтық актілерді сақтауда бұзушылық бар. Сумен қамтамасыз ету және ағын сулардың су тартуы үшін негізсіз төлемдерді талап ету, негізсіз өлшеуіш құралдардың қымбат модульдік есептегішке ауыстырылуын қажет ету,  әсіресе жұмысшының келу уақытын нақты белгілемей, оны тосқызып қою жайында щағымдар түседі. Жиі түсетін шағымдардың ішінде жұмысшыны жөндеу жұмысына шақыру үшін су арнасына хабарлай алмау, қоңырауды көтермеу бар, - деп атап өтті депутат.

Депутат көпшілікке қызмет көрсету сұрағы бойынша кем тұстары бар басқа да қалалық коммуналдық мекемелерді атап шықты: «Астанатеплотранзит» АҚ және «Астана РЭК» АҚ.

Талқылау нәтижесінде тұрақты комиссия сәйкес мекемелерге осы жұмыстардың жақсаруы туралы шаралар қолдануды талап етті.

Комиссия жұмысы барысына маслихат хатшысы Нурпиисова Ж.Г., басқа да тұрақты қалалық маслихат комиссия депутаттары, қалалық басқарма, ТКШ саласындағы мекеме мен ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты.