Тұрғындар өздерін естігенін қалайды

Астана қаласы мәслихатның хатшысы Жанат Нұрпейісовтің жеке қабылдауына өздерінің проблемалы мәселелерімен Республика даңғылы бойындағы №7/2 үйінің тұрғындары жүгінді. 2018 жылғы 22 мамырда мәслихат хатшысы үй тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелер айтылды. Бұл балалар алаңының жоқтығы, үйге қарама қарсы тұрған «Астана LRT» ЖШС тиісті спорт алаңшаларында тұрғылықты жері белгісіз адамдар, нашақорлар паналайтын жерлерді кездестіретіндіктен балаларының қауіпсіздігі үшін мазасыздану.

Осыған байланысты тұрғындар балаларға балалар алаңында ойнауға мүмкіндік беру, балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олар өздерінің күштерімен балалар және спорт алаңы қылып орналастыра алатын спорт алаңшаларын уақытша пайдалануға беру мәселесін қарастыру өтінішімен жүгінді.

Кездесуге қатысқан «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков, көлік басқармасы және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы, «Астана LRT» ЖШС, қала ПИК ассоциациясы өкілдері тұрғындардың барлық ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады және қазіргі уақытта қала коммуналдық меншігіне осы территория мен «Астана LRT» ЖШС паркингін беру заңды процедурасы болып жатыр, - деп оларды хабардар етті. Уақытша пайдалануға беру мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі үшін зерттелетін болады және нәтижесі бойынша тұрғындар хабардар етіледі.