Уақыт пен ұрпақ сабақтастығы

Қарт адам күнін күздің екінші айының бірінші күнінде – 1 қазан күні жаппай атау шешілген: бұл салтанат халықаралық мәртебеге ие.

Бұл күннің басты мақсаты қарт жастағы адамдар тап болатын қиындықтар мен мәселелерге назар аудару болып табылады. Айтпақшы, бұл мерекенің өз логотипі де бар. Ол – мейірімділік пен көмек нышаны болып табылатын ашық алақан бейнесі.

Осы жылы 18 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты Досаев Уалихан Маратұлы азық-түлік пакеттері мен гүлдерді тарту етіп, округтің қарт адамдарын құттықтады.

Макашева Гүльзипа Кожахметқызы, Ранчинская Антонина, Дмитриевна, Басова Татьяна Афанасьевна, Ситников Анатолий Иванович, Назарова Антонина Павловна және Ибраева Майкен Ибраевна, бұл – депутат Досаев Уалихан кіріп-шыққан қарттар тізімі.

 

Олардың арасында ұстаз, жүргізуші, Темір жол басқармасының қызметкерлері, Целиноград қаласы кір жуу орнының қызметкері бар.

Бұл адамдардың әрбірі адал еңбек жолымен қала игілігі үшін елорданың көркеюіне өз үлестерін қосты. Сол себепті бүгінгі күн – оларға сол үшін тағы бір мәрте алғыс білдіру үшін туып отырған жақсы мүмкіндік.

«Бұл күні егде жастағы барлық адамдарға ілтипатпен қарап, оларға алғысыңды білдіріп, сыйлықтар жасағың келеді. Бұл күн бар аға ұрпаққа сыйластық, қолдау, қамқорлық пен махаббат сыйлауға шақырады. Біз сіздерді шын жүректен сыйлаймыз, бағалаймыз және баға жетпес өмірлік тәжірибе үшін алғысымызды білдіреміз», - деп, У.М.Досаев атап өтті.