Ұлы мереке Жеңіс күні қарсаңында 19 округ депутаты Қарақат Абден соғыс ардагерлерін құттықтады

Сайлау округінде тұратын ҰОС қатысушыларды құттықтау дәстүрге айналды. «Осы жылы бес ардагер: Нуршида Ахметовамен, Турусбеком Садыковпен, Қойшыбек Тоқтамысовпен, Барлыбай Табешовпен, Зинаида Берниязова мен кездесуге сәті түсті.

Бұл адамдардың әрқайсысы – ерекше даңқты тұлға, жеке дәуір, ел тарихының, адамзаттың қайнар көзі. Бұл адамдардың жасы 94-96-да және олар жас кезінен соғыс, ашаршылық, құлдырау кездерінен өтті. Соғыстан кейін де жеңіл болмағанын бәріміз білеміз, және олар тағы да әрқайсысы өз жолымен Отанғақызмет етті. Беттеріндегі, мәңгілікке аударған жылы көздеріндегі әжімдерін көргенде көзге жас келеді... Қымбатты біздің ардагерлеріміз, Жеңіс үшін, өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды аямай қорғап қалғантуған жеріміз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіреміз. Сіздердің ерліктеріңізге баға жетпейді. Біздің осы күніміз үшін, болашағымыз үшін рахмет!».

Ардагерлеріміздің саны жыл сайын, өкінішке орай, азайып келеді. Егде жастағы адамдарға қуаныш сыйлағың келеді. Олардың барлығы баспанамен қамтамасыз етілгені және оларға балаларының, немерелері мен шөберелерінің арасында жақсы күтім көрсетілетіндігі қуантады. Оларды материалдық сыйлықпен қуанту қиын, сондықтан осы жылы қонаққа барғанда сырнай алып бардық. Сүйікті сырнайдың дыбыстары және соғыс жылдарының әндері ардагерлерге соғыс туралы, полктес достары, жастық шақ туралы еске салғаны сезілді.

Жыл сайын құттықтауларға қосылып, ардагерлерімізге стоматологиялық қызметтерге арналған сертификаттар түрінде қымбат сыйлақтар сыйлайтын «Доктор дент» клиникасының директоры Дана Абильдинаға жеке алғысымды білдіремін.