Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен депутат Мұхтар Түлеутаевтің кездесуі

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу аясында қалалық мәслихаттың депутаты Мұхтар Есенжанұлы Түлеутаев соғыс ардагерлері Калинин Михаил Васильевич, Смирнов Константин Иванович және Кулик Михаил Григорьевичпен үйлерінде кездесулер өткізді.

Ардагерлердің әрқайсысымен достық әңгімелер өткізілді, онда ардагерлер кеңес халқының, сондай-ақ өздерінің өткен ерліктері туралы қуанышпен баяндады, барлық ардагерлер соғыс кезінде жарақат алған.

Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, депутаттан аулаларды жасанды жол бұдырымен (жылдамдық бәсендеткіші) жабдықтау туралы кейбір мәселелерді шешуді сұрады.

Ардагерлерге гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді.