ҰОС ардагерлерін құттықтау

2018 жылдың 4 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының №4-ші сайлау округі бойынша мәслихат депутаты М.З. Шайдаров «Астана медицина университеті» ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.З.Жусуповпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Губарева Анна Ивановна, Алтеев Махан, Есюнин Валентин Иванович, Петров Алексей Федорович, Плужникова Екатерина Герасимовнаны құттықтады.

Ардагерлерге 20 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық және 10 000 теңге тұратын азық-түлік пакеті табысталды.

Құттықтау барысында ардагерлермен соғыс жылдарының ауырпашылығы, жауынгерлік марапаттары және қаза тапқан жолдастары туралы мағыналы әңгіме өткізілді.

Депутат ардагерлерге фашизмді жеңу үшін жасаған баға жетпес үлестері үшін, соғыстан кейінгі жылдары еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Өкінішке орай, уақыт біздің батырларымызды алып әкетуде және жыл сайын біз әлдеқайда азғантай ардагерлерді мерекемен құттықтай аламыз. Бұл жолы тек 5 ардагерді құттықтадық, олардың ең жасы – 94 жаста.