Үйдің қожайыны кім? Қала тұрғындары кондоминиумды төлеуден бас тартады

Көп жылдар бойы С. Сейфуллин көшесінің №10 үй тұрғындары тозған шатырдан зардап шегіп келеді. Нәтижесінде, жаңбыр жауғаннан кейін әрдайым соңғы қабаттардағы пәтерлердің шатырларынан су басады. ПИК-тен көмек көрмеген тұрғындар қалалық маслихатқа жүгінді.

Шағым түскеннен кейін мәслихат «Сарыарқа» ауданының әкімдігі және өкілетті ұйым мүшелерінің қатысуымен жол жүріс мәжілісін ұйымдастырды. Үй тұрғындарымен кездесуге маслихат хатшысының м.а. депутат Сәрсембек Жүнісов жолға шықты.

Айта кетейік, мәселенің созылып кеткеніне қарамастан, өкімет өкілдерімен кездесуге үш-ақ пәтердің иелері түсті. Ескі бес қабатты үйдің тұрғыны Ахельдар Мирзакулов оның көршілері өз үйлерінің коммуналды мәселелеріне бей-жай қарайтынын айтты. Сол арада, судың үздіксіз ағуы нәтижесінде тек коммуналдық желі ғана емес, ғимараттың өзі де бүлініп келеді.

– Бесінші қабаттың балконында ағызу бұзылған және сол себепті ғимараттың қасбеті бүлініп жатқаны көрініп тұр, - дейді «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев қабырғалардан аққан сұйықтық ізіне нұсқап. – Бұл мәселені иеленуші өз тарапынан ретке келтіруі қажет. Үйдің осындай күйі үшін адамды оп-оңай  сотқа беруге болады, өйткені оның кесірінен үй тұруға жарамсыз күйге айналып отыр. Алдымен сылақ қопарылып түседі, кейін су кірпішті қиратады да, ендігіде қасбеттің құлауы да мүмкін.

Мақсатты қажеттіліктерге пәтер иелерінің 50% ғана қаражат жинауға көнгені анықталды. «Коммунальник-2» ЖШС компаниясының өкілі олар бірнеше рет тұрғындарға күрделі жөндеуге қаражат жинауды ұсынғанын, бірақ олар ақша жинау мәселесінен біржолата бас тартқандарын атап өтті. «Өркен қала» ЖШС өкілі де тұрғындарға түрлі нұсқада коммуналдық мәселені шешу ұсынылғанын растады. Сонымен қоса, ТКШ Модернизациялау бағдарламасымен жөндеу жұмыстарын жасау да ұсынылды, бұл – мемлекет тарапынан жөндеу жұмыстарына процентсіз қарыз берілетіні жайында бағдарлама. Кейін сол сомма тұрғындарға бірнеше жыл аясында қайтарылады. Алайда бес қабатты үй тұрғындары осы шарттармен де үйлерін жөндетуге келіспеді.

– Осы күндері біз бұл үйдің тұрғындарымен сауалнама өткіздік. Иеленушілердің 50% ғана жөндеу жұмыстарының тағы бір бағанымен келісті. Бірақ олардың ақша тапсыруы да екіталай. Біз өз қолымызбен қасбетті біраз жөндей алдық, ағызба жасадық, алайда осы күндерді желдің ауытқуы нәтижесінде жұмыстарды аяқтай алмадық. Ал шатырды жөндеу үшін кем дегенде 500 мың теңге қаражат керек, әр пәтерден 50 мың теңгеден. Бірінші жарналар жасалған кезде біз шатырды жөндеуді бастаймыз, кейін сот арқылы төлемдерді талап етеміз. ТКШ Модернизациялау бағдарламасымен тек жертөле жөнделді, - деп қорытындылады ПИК өкілі.

Тек жұмыс барысында жертөле жөнделгенмен, шешілмеген мәселе бар екені анықталды.

– Мен осы үйдің тұрғынымын, бірінші қабатта тұрамын. Бізде модернизациялау бағдарламасы бойынша жертөледегі құбыр жөнделді, ақшаны біз төлеп жатырмыз, бірақ су менің пәтерімде тұрып қалады. Жұбайым құбырлар барлық жерде ауыстырылмағанын, бірен-саран жерде ескі құбырлардың қалғанын анықтады. Өз пәтерімізде біз құбырларды былтыр ауыстырғанбыз, мәселе жертөледе, - деп шағымданады үй тұрғыны.

ПИК жұмыскерлері бұған барлық жұмыстар тиянақты орындалғанын айтады.

Жақын арада құбырлар шайылды, судың онда тұрып қалуы мүмкін емес. Ержан Жакубаев сантехнитерге тағы да бір рет кәріз жүйесін тексеріп шығуды тапсырды. Осыдан басқа, аудан әкімінің орынбасары тұрғындармен кездесуге 10 күннен кейін келіп, туындаған мәселелердің шешімі қандай жағдайда екенін көріп кетуге уәде етті.

Жағдайды пайдаланып, үй тұрғындары жаңбыр кезінде балалар алаңы мен подъездердің маңы суға толып кететінін айтты. Бұл кезде пәтерге тек резеңке етікпен өтуге болады. Мәселе нөсер канализациясында екені анықталды. Алайда жұмыс кестесіне сәйкес келесі жылға көзделген қаланы аббатандыру ісі шеңберінде нөсер канализациялары орнатылмақ. Әкімдік өкілі келесі жылы мұнда жаңа балалар алаңы болатыны жайлы уәде етті.

Жол жүріс мәжілісінде маслихат хатшысының м.а. депутат Сәрсембек Жүнісов, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Жакубаев Е.Г., «Өркен қала» ЖШС өкілдері, «Управляющая компания Коммунальник-2» ЖШС мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары және үй тұрғындары.