Видео тіркеушілер полицияға көмек көрсетуде

Заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс істеу мәселелері бойынша Ғайдар Қасенов төралағымен өткен қалалық маслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бахытжан Малыбаев астананың құқыққорғау органдарымен Астана қаласының қылмыстылығымен және сыбайлас жемқорлығымен күресудің жоспарлы жұмысы жүргізілуде деп баяндады. Тұрақты комиссия мүшелерімен қоғамдық көліктер үшін бөлінген жолдардағы жол қозғалысының ережелерін сақтау мәселесі талқыланды. Осыған байланысты жергілікті полиция қызметімен үлкен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, тек «BusLine» бөлінген жолымен жүретін және жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтайтын видео тіркеушілермен жабдықталған азаматтық автокөліктер бөлінген. Осылайша, полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген жолдарға шыға отырып жүргізушілер жіберетін бұзушылықтар санын қысқартуға ниеттейді. Бахытжан Малыбаевтың айтуынша, қызметтік қажеттілік мақсатында ереже бойынша мамандандырылған автокөлік бөлінген жол бойынша жүруге құқығы болады. Видео тіркеушілердің мәліметтері ақырында өңделеді және барлық түсіріп алған бұзушылықтарға айыппұл салынады. Жалпы барлық автокөліктік және патрульдік жаяу жасақтары қызметке видео тіркеуіштермен шығады.

Жиналғандардың көзқарасы бойынша, мұндай ЖҚЕ бұзушылық аса қаттырақ айыппұл салу керек, себебі, көптеген автокөлік иелері жазалаудан қашуға тырысады. Депутаттардың ойынша, азаматтарға заңды құрметтеуді үйрету керек, әйтпесе, қазір жүргізіліп жатқан қоғамдық көліктер реформасының мәні болмайды. Тұрақты комиссия мүшелерінің сөздерінше, полиция қызметкерлеріне тонировка жасау және қауіпсіздік белдігі мәселесін бірнеше күндер ішінде шешуге қол жеткізді, енді осылайша осы мәселені де тез шешіп аяқтап тастау керек.

Онымен қоса, оқушылардың ата-аналары қаланың кейбір аудандарындағы оқу орындарының маңында жарықтандырудың, жаяу өтпе жолының және бағдаршамдардың болмауын белгілейді.

Мектептер мен балабақшаларға апаратын жолдардың жағдайы, оқу орындарының қасындағы автокөліктердің үлкен ағыны да алаңдаушылық тудырады. Мысалы, Күмісбеков көшесі бойынша орналасқан мектептердің бірінде жақын жерде жаяу өтпе жолы жоқ. Бұл жерде бір рет емес балалардың қатысуымен ЖКО болды, алайда берілген қауіпті жерде жаяу өтпе жолы қойылмады. Мұғалімдер мен ата-аналардың шағымдары осы мәселені өз бақылауына аламын деп уәде берген ЖПҚ басшысына жіберілген.

Жалпы, Бахытжан Малыбаевтың айтуынша, астанада ұсақ тәртіп бұзушылардың санын азайтуға қол жеткізілді. Астананың ірі сауда – ойын сауық орталықтарындағы ұрлықтардың саны екі есе азайды. ЖКО 2,5 пайызға қысқартылды. Алайда, жергілікті полиция қызметінің басшысы белгілегендей, 51,7 пайызға өскен жеткіншектер қылмыстылығының өсуі алаңдаушылық тудырады. Анықталғандай, қылмыстардың 45 пайызы колледжің басқа қалалардан келген оқушыларымен жасалады.

Тұрақты комиссия мүшелері ведомстваға азаматтардың қауіпсіздігі мәселесіне аса тиянақтырақ қарауды, сонымен қатар қаланың жастарымен жұмысты белсендіруді ұсынды және осы жұмысты жақсарту үшін комиссияның қабылданған қаулысында сәйкесінше нұсқаулар берілді.

Тұрақты комиссия жұмысына маслихат хатшысы Нурпиисов Ж.Г., қаланың департаменттері мен басқармаларының, Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының ІІБ басшылары, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.