Жағымды жаңалық

19-сайлау округінің депутаты Қарақат Әбден өз парақшасында бірнеше рет қала шетінің жағдайын, соның ішінде Пригородный тұрғын массивіндегі балалар баратын №24 мектеп мәселелері көтерілген болатын. Жаңбырлы күндері балшық, лай болып кететін, айналасы қоқысқа айналған саяжай кентінде әлі күнге дейін түзу жолы жоқ. Сонымен бірге, балаларды мектепке жеткізуді ұйымдастыру мәселесі көтерілген еді. 

         «Ең бастысы, балалар үлкендердің кінәсінен адами емес жағдайларды бастан кешуі дұрыс емес. Ақырында мен өз мақсатыма жеттім. Енді автобустар қала әкімдігінің қаржысы есебінен балаларды мектепке және кері жеткізуді қамтамасыз етіп, төрт бірдей «Schoolbus» автобустары мектеп пен саяжай кенті аралығында қатынайтын болды. Бұл үлкен жеңіс, өйткені 500-ден артық оқушының мәселесі жарты жылдың ішінде болсын шешілді», - дейді депутат Қарақат Әбден.

Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттарымен сайлау округтерінде азаматтарға мүмкіндігінше көмек көрсету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Өйткені өз сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, барынша қол ұшын беруге дайын болу, сондай-ақ, бастаған ісін соңына дейін жеткізу әрбір халық таңдаулысының міндеті.