Жаңа мектептерге жаңа мекенжайлар

Депутаттар қарауында болашақ мектептердің орналасу орнын өзгерту туралы ұсыныс шығарды. Жаңа жалпы білім беру мекемелерін көп адамы бар аудандарда салу жоспарлауда.

Бұрында құрылыс үшін жоспарланған он мектептің жер телімі әлдеқашан анықталған. Алайда, білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қалалық ортаның регенерация басқармасы және «Астанагенплан» ҒЗЖИ бірге болжаулы аудандардың талдауы өткізілгенін айтты. Сол немесе басқа ауданның халық тығыздығы, оның келешек құрылысы, жақын маңда мектептердің бар болуы және қаншалықты олар аса тығыздалғаны есепке алынды. Тексеру барысында мектептердің тапшылығы ерекше қатты білінетін кварталдар бар екені анықталды.

– Қазірден-ақ, егер депутаттар осы ұсынысты қолдаса, басқармалар нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын өңдеуді бастауға дайын, - деп нақтылады Әнуар Жанғозин. – Бұрыннан құрылыс жоспарланған 7 жер телімі бойынша өзгертуге келісім алуды мәслихат қарауына шығарамыз. Қазір жаңа ҚНжЕ бойынша мектептерді ертедегі сияқты 1200 орынға емес, қабаттар көбейту және құрылыс алаңы есебімен үш мың орынға дейін салуға болады, - деді ол.

Осылай, басқарма басшысының сөзі бойынша бұрында «Барыс-Арена» спорт кешеніне жақын жерде пайда болатын мектеп құрылысын «Шар-Құрылыс» ауданына ауыстыруға ұсыныс жасалды. Осы жерде мұнан былай белсенді құрылыс салу жоспарлануда.

– Абылай хан даңғылы бойындағы «Жерұйық» саябағы ауданындағы орынмен салыстырғанда Тельман тұрғын алабы ауданының мектебі соншалықты өзекті емес. Қазір бұл жерде Елорда Даму бойынша биік үйлердің құрылысы белсенді болып жатыр, - деді ол.

«Хан-Шатыр» ОСО жақын жердегі мектеп құрылысын «Хайвилл саябағы» тұрғын үй ауданына ауыстыруға ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, болжаулы құрылыстың басқа да орындары – бұл Майлин көшесіндегі бір де бір мектеп жоқ «Жасыл квартал» ТҮ, Байтұрсынов көшесіндегі бүгін апатты жағдайдағы салмақ көп түскен №53 дара мектеп сияқты аудандар белгіленген.

Отырыс кезінде ведомоство басшысы, сондай-ақ, №2,3,47 мектептер – жуық арада бұзылады, олардың орнына жаңа мектептерді салу жоспаралануда, - деді.

Алайда, кейбір мектептер бойынша телімді өзгертумен депутаттар келіспеді. Сонымен қатар, депутат Қарақат Әбденнің ойынша бүгін толып кеткен жақын мектеп Заречный тұрғын алабы мен Мәңгілік Ел даңғылы ауданында (№75 мектеп-гимназия) тұрғандықтан Тельман тұрғын алабында мектеп құрылысы қажет. Ал депутат Зейнулла Шибкенов Өндіріс және Кірпіш тұрғын алабында орналасқан мектептерге алаңдауын айтты. Оның сөзі бойынша шеткі мектептер авария алдындағы жағдайда тұр. Алайда, Әнуар Жанғозиннің сөзі бойынша жуық арада жаңа мектептердің құрылысы мұнда байқалмайды. Мұның себебі, бұл аудандар «қоныстану» деп танылған.

Көпшілік алдындағы тыңдауға мәслихат хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, қала басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері қатысты.