Жобалау мен құрылыс сапасын бақылауға алады

Депутат Манжанова Ирина құрылыс жұмыстарын жобалаудың сапасы жайлы сұрақты қайта көтерді. Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сұрақтары бойынша осы тақырыпта өткен тұрақты комиссия мәжілісі кезінде ол сапасыз жасалған жобалар неге әкеліп соғуы мүмкін екеніне бірнеше мысалдар келтірді.

Ол 2016 жылдан “Пригородный” тұрғын үй алабындағы пайдалануға берілген ғимарат жертөлелерінің екі жыл бойы су басып келетінін хабарлады. Бұл ретте, депутаттың айтуы бойынша, жобаның жалпы нұсқауларында мыналар жазылған: жібіген жаңбыр сулары аулаға бұлтару нәтижесінде Арнасай көшесіне, одан әрі нөсер канализациясының қалалық коллекторына түседі. Бұл ретте, Арнасай көшесінің белгіленуі аббатандырудың белгіленуіне сәйкес келмейтіні бірнеше рет көрсетілді. Жібіген және жаңбырлы сулардың жиналуы нәтижесінде, дақ-3 су басқан аумақ болып есептеледі.

- Бөлшекті жоспарлау жобасында вертикаль белгілер Қалалық архитектурамен табысталды деп маған жауап қайтарады. Және екі жыл бойы ешкім ешқандай шара қолданбайды. Бұл ретте жоба тексерісі үш рет өтеді - алдымен тапсырыс берушіге, сосын жалдаушыға және жобалаушыға. Сонда бұл белгіні кім берді? - деген сқрақ Манжанова Иринаны толғандырды.

Сонымен қатар ол 1977 жылы қабылданған кіші сәулет формалары ескіргеніне қарамастан, мемлекеттік сараптамамен бекітілген үш ай бұрын алған мектеп жобаларына шағымданды.

- Мұндай жобалар кіммен ақылдасып-келіседі? Сәулет-жобалау тапсырмасын Қалалық сәулет, техникалық тапсырманы тапсырыс беруші беретіні, содан кейін жобалау табыс етіліп, жоба мемлекеттік саралаудан өтеді, алайда осынша бақылау фукнцияларының өткізілуіне қарамастан, біз осындай “бірегей” жобалар алатынымыз қызық.

Депутаттың айтуы бойынша, елордадағы жобалау азап шегуде. Және бүгінгі күні уәкілетті орган - сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары Басқармасы, өткізіліп жатқан мемлекеттік сараптама сапасы, құрылыс мониторингін бекітілген жобалық құжаттарға сай және қала құрылысы тәртібін сақтай отырып іске асыру сұрақтарын көтерулері тиіс.

Сол арада, мекеме басшысы Тайталиев Бақтыбай сөз етілген барлық ескертулер ескерілген жаңа қала құрылысы регламентін атады. Сонымен қатар, ол болашақта нысандарды тапсыру кезінде мұндай қиындықтар туындамауы үшін, уәкілетті органдармен бірге өзара әрекеттесу тәсілдерін ұсынды.

Алайда депутат Қасенов Ғайдардың айтуы бойынша, құрылыс мәселелері туып отырған нысандармен қиындықтарды шешу керек. Ол қоныстанған, бірақ қолданысқа тапсырылмаған “Ақ-шаңырақ” ТК мысалға келтірді.

- Астанада пайдалануға әлі берілмеген тұрғын үй комплекстеріне тұрғындардың орналасуы сияқты жағдайлар көп белең алады. Бұл тұрғыдан құрылысшыларға қандай шаралар қолданылады? Жақында маған “Ақ-

шаңырақ” ТК тұрғындары жүгінді. Үй қоныстанған, бірақ тапсырылмаған, алайда халық спорт алаңын орнатуды, ауланы аббатандыруды, өз құқықтары бар аббатандыруға қатысты барлық нәрселерді талап етеді, - деп Қасенов Ғайдар атап өтті.

Басқарма жетекшісі Тайталиев Бақтыбай мұндай нысандардың мониторингі мекеменің жеке ықыласымен өткізілетінін хабарлады. Содан кейін анықталған бұзушылықтар бақылаушы органдарға - МСҚБ жіберіледі.

Дептутаттар кезекті ретте қала үшін ауыр мәселені - мектептерге кіреберіс жолдарының болмауы мәселесін қозғады. Депутаттардың айтуы бойынша, қалада сондай 9 нысан бар.

В последнем обращении родителей через соцсети было указано 7 наиболее проблемных участков – это дороги к школам под номерами – 76, 75, 69, 79, 41, 18, и 60.

- Бізде басқармалар арасында өзара әрекеттестік жоқ - сәулет басқармасы өз нысандарын тағайындалған аумақ шегінде ғана құрып жатыр, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жолдарды қызыл шек деңгейіне дейін ғана салып жатыр, сонда мектеп, балабақша, ауруханалар үшін жолды кім салмақ? - деген мәселелерге халық қалаулылары көңіл аударды.

Құрылыс пен тұрғын үй саясаты басқармасының жетекшісі Ахметов Руслан өз кезегінде, мәселе жергілікті атқару органдарымен ақылдаса отырып шешілу керек екенін мойындады.

Депутат Шібкенов Зейноллада нарық маңындағы тәртіпсіздік жойыла ма деген сұрақ туындады.

Тайталиев Бақтыбай нарық маңындағы шекара - бұл кіру магистралі, ал одан 80 метр қашықтық - қалалық шекара екендігін хабар беріп өтті. Сонымен қатар, жер комиссиясында жұма сайын осы сияқты мәселелі сұрақтар талқыланады.

- Сейчас ведется такая работа, чтобы рынкам с восточной и западной стороны «пробить» дороги, которые будут нести логистическую функцию. Таким образом, городская территория около рынков будет очищаться. После зимы ставим цель - навести порядок на прилегающей территории, - уточнил он.

Сонымен қатар, сұрақ талқылауына депутат Жүсіпова Зәуре, Аюпов Аман ат салысты.

Депутат Мещеряков Ильяның басшылық етуімен тұрақты комиссия мәжілісіне қалалық мәслихат депутаттары, басқа да тұрақты комиссия өкілдері, қалалық басқарма жетекшілері, аудандық әкімдердің орынбасарлары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.