Жол мәселесі бес жылда шешіледі

Астанада жаңа жол көпірлері, жол айырықтар және бір тоннель салынады. Бұның барлығы жақындағы бес жыл аралығында іске асады және бұл көшелердегі транспорттық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жоспарлармен мәслихаттың кезекті сессия кезінде Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун депутаттармен бөлісті.

Әкімнің бірінші орынбасарының айтуы бойынша, бүгін көше-қалалық желі жалпы ұзындығы 1102 км құрайтын 1039 көшеден, 8 транспорттық жол айырықтардан, 7 автожол көліктерінен, 7 жерасты және 4 жерүсті жаяу жүргінші жолдарынан, 9 өтпежолдан, 1 тоннельден тұрады.

- Үш жылда 110 км жаңа жол, соның ішінде «Оңтүстік-Шығыс» ТМ, Үркер, Комсомол және басқаларында 65 жол салынды. Қазіргі және капиталды ремонт кезінде бар жолдардың 102 км жөнделді, ағымдағы жылдың соңына дейін 28 км жаңа жолдардың құрылысы аяқталмақ, тағы 7 көшенің жөнделуі болады. Мамандардың айтуы бойынша, атқарылған жұмыс қаладағы транспорттық жағдайды айтарлықтай жақсартты. Мысалы, Сарайшықтан Бейсековке дейінгі көшелердің ашылуы Қорғалжын шоссесінің жүктемесін 17%-ға, Сағынақ көшесінің жүктемесін 26%-ға жеңілдетті. Ақмешіт, Түркістан 24, Бұхар жырау, Рысқұлов көшелерін жөндеу жұмыстарының аяқталуы «ЭКСПО» көрмесінің аясындағы жолды ашты. Ақмешіт пен Түркістан көшелері өз кезегінде Мәңгілік ел даңғылын 12%-ға және Қабанбай батыр даңғылын 9%-ға жеңілдетті, - деп Сергей Хорошун түйіндеді.

Нәжімеденов пен Байтұрсынов көшелерінің құрылысы жаңа теміржол бекетіне жол ашты, нәтижесінде ескі бекет жүктемесі 70%-ға төмендеді.

Елорданы ықшам жөндеу бесжылдық жоспары шеңберінде, 2023 жылға дейін қалада 121 км жол, 3 көпір, екі жол айырығы, 1 жол өтпесі және 1 тоннель салынбақ. Күмісбеков көшесінен Бейсековке дейінгі Ақан сері көшесінің ашылуы Сарыарқа, Бөгенбай батыр проспекттерінен және Сейфуллин көшесінен жүктемені азайтады. Бұдан басқа, Есіл өзені арқылы көпір салу нәтижесіндегі Тәуелсіздік пен Ұлы Даланың қосылуы Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылдарын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сұрақ талқыламасына депутат Манжанова Ирина мен Аюпов Аман қатысты, олар карталарды сатып алу мен толықтыру үшін инфрақұрылымды жасау қажеттілігі, валидаторлар жұмысының дұрыстығы, елорда автожолдары мен көшелерінің құрылысы, реконструкциялауы, жөндеуі, қамтамасыз етілуін уақытылы қаражаттандыру сұрақтарын көтерді.

Бұдан басқа, депутаттар қаланың шет аймақтарында жол жүру мәселесі қашан шешілетінін сұрастырды. Депутат Мирас Шекенов пен Зейнолла Шибкеновты Үркер-Ильинка және Лесозавод  тұрғын алабындағы кейбір мәселелі жолдардың созылып кеткен құрылыс себебі толғандырды. Бүгінгі күні аталған аудандардағы жұмысқа бюджет қарастырылмағаны анықталды.

Депутат Әбден Қарақат шет аудандардың басқа маңызды сұрағын – жылы аялдамаларды орнатуды көтерді. Халық қалаулысының пікірінше, олар, ең алдымен, қала шеттерінде болуы тиіс. Астана әкімінің бірінші орынбасары Хорошун Сергей жыл соңына дейін қалада 55 жабық типтегі жаңа аялдамалар орнатылатынына уәде берді.

- Бүгін 25 аялдама жасала бастады және 12-сі орнатылды. Жұмыстарды қараша айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, 31 аялдама бизнес есебінен орнатылады, қазір бұл сұрақ «СПК «Астанамен» өңделуде. Яғни қалада 86 жаңа аялдама пайда болады, - деп, ол атап өтті.

Қондыру орындарын белгілеу үшін, ең алдымен, анализ жасалды. Нәтижесінде адамдардың ең көп шоғырланатын орындарда, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар нысандарда – аурухана, жалпы орта және мемлекеттік мекемелерде және жолаушылардың үлкен толқыны байқалатын қондыру шешімі қабылданды. Келесі жылы жүзден аса қосымша жылы аялдамалар орнату жоспарланып отыр.

Халық қалаулысы Умербаева Рамзия жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қауіпсіз тасымалдау сұрағын қарастыруды өтінді. Оның пікірінше, бұл үшін Schoolbus қажет. Жағдайды қолдана отырып, ол 18 жасқа толмаған оқушыларға тегін жол жүруі жайлы өтінішін қалалық ата-аналар комитетіне жеткізді. Оның айтуы бойынша, ай сайын орта есеппен баланың жол жүруіне отбасы 20 мың теңгеге шығындалады.

Бұл сұрақты әкімнің бірінші орынбасары мұқият қарастыруға уәде берді, сол себепті ол қаланың елеулі қаржы шығындарын талап етті. Алдымен бұл тасымалдаушылар мен бюджетке қаншалықты шығатынын есептеу қажет. Хорошун Сергейдің пікірінше, әкімдік бұл сомманың бір бөлігін бюджет, бір бөлігін ата-аналар төлейді деп шешеді.

Сессияға елорда әкімі Сұлтанов Бақыт қатысты да, сөз сөйледі. Ол депутаттарға қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқандары үшін алғыс білдірді және халық қалаулыларын Мемлекет басшысымен қойылған мақсаттарды – тұрғын жағдайының жақсаруына бағытталған әлеуметтік программаларды іске асыруды мемлекеттің бас қаласының дамуын басқару органдарымен бірлесе отырып орындауға шақырды.

Осыдан басқа, мәслихаттың шешімімен Астана қаласының шекарасында қала құрылысы регламенті бекітілді, Астана қаласы бойынша ревизиялық Комиссия мүшелері тағайындалды, Астана қаласы әкімдігінің персоналды құрамына өзгертулер енгізілді, заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық жұмыстар сұрақтары бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып 14-ші саралау органынан депутат Сыдыков Ерлан тағайындалды.

Мәслихаттың кезекті сессия жұмысына Астана қаласының әкімі Сұлтанов Б.Т., Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, қала аудандарының әкімдері, басқарма мен департамент жетекшілері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.