ЖРК-дан автобустарға көмек

Қоғамдық көлікке дифференциалды тариф енгізілгеннен кейін тасымалдаушылардың табысы орта есеппен 15%-ға көтерілді. Мәжіліс кезінде «Астана LRT» ЖШС компаниясының өкілдері осындай мәліметтермен қалалық мәслихат депутаттарымен бөлісті.

Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық кезінде депутаттар елордадағы қоғамдық көліктердің қазіргі жұмыс жағдайын анықтау үшін екі күн бойы қалалық транспорт нысандарына барып-қайтқандарын еске сала кетейік. Кейін бұл саланың мәселелі сұрақтары мәжіліс кезінде қаланың Көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушы көлігі басқармасы басшылығының алдында қаралатын болады.

Халық қалаулыларын дифференциалды тариф енгізілуінің аралық нәтижесі ғана емес, ЖРК құрылысының келешегі де толғандырды.

Жеңіл рельсті көлік жобасының Астана қаласында жүзеге асырылуы 2015 жылдан бастау алғанын атап өткеніміз жөн. Алғашында тапсырыс берушілердің бұл көлік жүйесін дамытуының бірнеше нұсқасы болды, бірақ оның шығындарын санағанда, сәйкес инвестордың жоғы анықталды. Дәл сол уақытта, компания басшылығының айтуы бойынша, трасса болмаса да, БРТ-ға көшу шешімі қабылданды.

- Үкімет қаулысымен 2016 жылдың ақпанынан үш қытай компаниясымен шарт жасалды және бұдан кейін консорциум құрылып, жобалау, құру, құрал-саймандарды жеткізу туралы контракт жасалды. Шарт талаптары бойынша, Қазақстан 20%, ал қытайлық жақ 80%-ды салады. Тұтас алып қарағанда ТЭО-ға сәйкес әуежайдан бастау алатын, 18 станциясы бар, 22,4 км ұзындықпен ЖРК трассасы өңделді. Мұнда әрбіреуінің 4 вагоны бар 19 бірлік жылжымалы құрам және бір ДЭПО кіреді. Болжамды сыйымдылығы – 600-650 адам, - деп, «Астана ЛРТ» ЖШС өкілі атап өтті.

 

Компания мамандарының хабарлауы бойынша, Астана қаласының ЖРК жылжымалы құрамы жерасты ғана емес, жер үсті метросын да өңдейтін болады. Жобалаушылар болашақта қаланың рельсті көлік жүйесі Астана ЛРТ емес, Астана-метро атауын тағады деп үміттенеді. 

Жобаның жалпы соммасы 1 млрд. 875 млн. долларды құрайды. Мұнда жобалау, құрылыс, құрал-саймандармен жабдықтау және тағы басқалары кіреді. Бүгінгі күні 226 млн. доллар қолданылды. Қолданысқа енгізу мерзімі – 2020 жылға дейінгі уақыт. Болжамды тариф 200 теңге.

«Астана LRT» ЖШС транспорттық компаниясы қаланың басқа да көлемді жобаларын іске асырумен айналысады. Сонымен қатар, бағдарлы желіні талдау мен модельдеу, төлемнің электронды түрін енгізу, жаңа технологияларды – Интеллектуалды транспорттық жүйені ойлап табу, көлік қоятын орын аумағы және тағы да басқа жұмыстарды атқарады.

Іс-шараға елорда депутаттары, көлік кәсіпорны мен қала ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.