Жүз жылдық мерейтойыңмен, Жеңіс Солдаты!

Қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов бастаған Нұр-Сұлтан қаласының депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Петрович Торкинды мерейтойымен құттықтады, 29 сәуір Жеңіс Күні қарсаңында ардагер 100 жасқа толды.

Осы жарқын мерекеде мәслихат хатшысы туған күн иесіне және оның атынан барлық Жеңіс Сарбаздарына ауыр сынақтарда көрсеткен ерлігі мен төзімділігі үшін, келешек ұрпақтың жарқын әрі бейбіт өмір сүруі жолында бастарын бәйгеге тіккені үшін алғыс айтты.

Александр Петровичтің өмірі - бұл бір ғасыр. Ол Пенза облысы Каменск ауданы Владыкино ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі берген тәрбиенің еңбекке шыңдауы, белофиндік компаниядағы жауынгерлік шоқынуы Александр Петровичті соғыстың барлық қиындықтарына дайындады, ол ештеңеге қарамастан аман қалды және Берлин рейхстагының қабырғасында жеңісті қарсы алды. Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында ол достары мен жолдастарын жоғалтты, бірнеше мәрте жарақат алды, Мәскеу Кремльінің қабырғаларынан басталған барлық жауынгерлік жолды жаяу өтті, Белоруссия мен Еуропаны азат етуге қатысты.

Соғыс аяқталған соң, Александр Петрович алғашқы күндерден бастап жұмысқа қосылып, кәсіби шыңдарды бағындыра бастады. 17 жылдан астам Қазақ КСР Әділет министрлігі жүйесіндегі басшы лауазымдарында, Ақмола облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

Александр Петровичтің Жауынгерлік ерлігі мен еңбектегі жетістіктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Қызыл Жұлдыз ордені, І және ІІ дәрежелі Отан соғысының екі ордені, "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Ерлігі үшін", "Польшаны азат еткені үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін" медальдары, Қазақ КСР Әділет министрлігінің төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының "ҮШ БИ" құрметті белгісі.

Сіздің еңбегіңіз бен ерлігіңіз үшін, Отанға деген адалдығыңыз бен махаббатыңыз үшін, сақталған бейбіт күн үшін және бізге, біздің балалар мен немерелерімізге бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік сыйлағаныңыз үшін басымызды иіп, тағзым етеміз. Деніңіз сау болып ұзақ өмір сүріңіз, сізді сүйетін балаларыңыздың, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қызығын көріңіз, ал әрбір сәт қуаныш пен бақытқа толы болсын, деп Жанат Ғазизұлы тілегін білдірді.