Өмірбаева Рәмзия Фаатқызы

№12 сайлау округі 

Өмірбаева Рәмзия Фаатқызы 1962 жылғы 9 ақпанда туды.

1983 жылы ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын аяқтады. Қазақ, орыс, татар, ағылшын, француз тілдерін біледі. Ленинск қаласының № 8 орта мектебінде, Алматы қ. «Сенім» мектеп-колледжінде ағылшын тілінің мұғалімі, Алматы қ. № 125 мектебінің директоры, Астана қ. № 3 орта мектеп директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдың тамызында Астана қаласының № 17 мектеп-гимназиясының директоры болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі /2000/, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері /2010/. 10 жыл Астана /2008/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.); «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2015 ж.) мерейтой медальдарымен марапатталды;

ҚР Президентінің Алғыс хаты, ҚР ҒБМ Алғыс хаты; Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаттары, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты.

Екінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты. Тұрмыста, ұлы мен қызы бар.

Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

 

Телефоны:  50-17-25

E-mail: umerbayeva_r@mail.ru