Шекенов Мирас Ерғалиұлы

№11 сайлау округі

Шекенов Мирас Ерғалиұлы 1971 жылдың 31 тамызында Астана қаласында дүниеге келді. Жоғары білімін Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік Технологиялық институты – Техникалық университетінде биотехник-инженер мамандығы бойынша алды, аспирантурасын аяқтады. Биологиялық ғылымдардың кандидату. 2014 жылы экономист мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ аготехникалық университетін аяқтады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

2000 жылдан бастап «Мастер» құрылыс материалдарының орталығы» компаниясы директорының орынбасары, бас директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді. Қазақстанда алғашқы DIY-ритейлер – «Мастер» супермаркеттері желісінің құрылуын басқарды, «Жаңа Құрылыс» ЖШС директоры, «Пәтір бюросы» АҚ бас директоры болды. 2010-2015 жылдары «Өркен қала» ЖШС директоры, «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ-дағы МКК директоры болып жұмыс істеді.

2015 жылдың маусымынан бастап «МагМедиЯ» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істейді.

Мынадай мемлекеттік наградалары бар: «Ерен еңбегі үшін» медалімен /2012/, 10 жыл Астана /2008/, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл /2011/, Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/ мерейтой медальдарымен, «Белсенді кызметі үшін» төс белгісімен /2014/ ҚР Президентінің екі Алғыс хаттарымен, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының грамотасымен, сондай-ақ қала басшылығының және «Нұр Отан» партиясының грамоталарымен марапатталған.

Төртінші және бесінші шақырылым қалалық мәслихатының депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.



Телeфон:   +77015883365

E-mail: shekenov_miras@mail.ru