Шибкенов Зейнулла Рахимович

№10 сайлау округі 

Шибкенов Зейнулла Рахимович 1953 жылдың 27 тамызында туды. 1990 жылы Омбы қаласының темір жол көлігі инженерлері институтын, 2000 жылы – Алматы қалалық политология және басқару институтын аяқтады. Мамандықтары: инженер – механик, политолог.

Еңбек жолын жолдардың монтеры ретінде 1970 жылы бастады. 1982 жылдан бастап Кеңес аудандық комитет партиясының өнеркәсіп бөлімінің интрукторы, өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясының Целиноград облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмысы бөлімінің инструкторы болып жұмыс істеді. Халық депутаттары облыстық кеңесінің Кеңес және тұрақты комиссиялар жұмыстары мәселелері бойынша бөлім референті, Ақмола облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, «Проминвест» АООТ президенті болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ «Ақмола вагон жөндеу зауыты» ҚАҚ басқарушысы, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2009 жылдан бастап - «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ бас директоры. «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының құрметті теміржолшысы /2011/. «Парасат» орденімен /2015/, «Кұрмет» орденімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен /2001 ж/, 10 жыл Астана /2008/, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл /2011/, Қазақстан Конституциясына 20 жыл /2015/, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл /2015/ медальдарымен марапатталды.    

Бесінші шақырылым қалалық мәслихатының депутаты. Үйленген, екі баласы бар.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.



Телефон: 53-04-64

E-mail: reception @vrz.кz