Солодовников Сергей Петрович

№22 сайлау округі 

Солодовников Сергей Петрович   1969 жылғы 14 қазанда дүниеге келді. Оқытушы, концертмейстер, камералық ансамбльдің әншісі мамандықтары бойынша 1988 жылы Целиноград қалалық музыкалық училищесін, 1994 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын аяқтады. 

1994-1995 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің аға инспекторы; 1995-1997 жылдары ұлттық мәдениеттер және демалыс қызметі облыстық орталығының халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі; 1997-1999 жылдары Жастар сарайының музыкалық редакторы; 1999-2015 жылдары Қазақ Ұлттық өнер университетінің міндетті фортепиано кафедрасының оқытушысы, концертмейстері болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының «Жастар сарайы» МКҚК директоры.

Қазақстанның Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

Телефон: 40-04-03 

E-mail: Solodovnikovs.69@mail.ru