Сыдыков Ерлан Батташұлы

№14 сайлау округі

Сыдыков Ерлан Батташұлы 1956 жылғы 29 ақпанда Семей қаласында дүниеге келді. 1978 жылы «Тарих» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын аяқтады.

1996-1999 жж.– ҚР ҰҒА тарих және этнология институты.

2002-2004Қазақ гуманитарлық заң университеті, мамандығы – «Юриспруденция».

Жамбыл технологиялық ет және сут өнеркәсібі институтының Семей қалалық филиалының стажер-зерттеушісі, КОКП тарихы және саяси экономия кафедрасының доценті, саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл технологиялық ет және сут өнеркәсібі институтының Семей қалалық филиалының коммерциялық және оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің кеңесшісі, Семей педагогикалық институтының ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып жұмыс істеді.

2011 жылдан баста – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.

Тарихи ғылымдардың докаторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академик-мүшесі, вице-президенті (2014). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005). Шығыс-Қазақстан облысының құрметті азаматы (2009), Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы (2011). 

Мынадай мемлекеттік наградалары бар: ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2015), «Парасат» ордені (2010), Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2016), «Конституциялық заңнаманы дамытуға салымы үшін» медалі (2013). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),  «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005),  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/,   «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015) мерейтой медальдары. Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық наградасы (2013), «Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл» (2014), «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» (2015), «За укрепление парламентского сотрудничества» ТМД МПА медалі (2015), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрмет грамотасы (2016).

Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты. Үйленген, үш баланың әкесі.«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

Телефоны: 709-509, 709-506

E-mail: rector@enu.kz

Басылым:

  1. «Тараз» бастауыш ардагерлер ұйымынан алғыс хат