Тарихи анықтама

Тарихи анықтама 

 «Целиноград қаласының құрметті азаматы» атағы

- «Целиноград қаласының құрметті азаматы» атағы Целиноград қалалық халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің 1967 жылғы 10 маусымдағы № 12/395 шешімімен тағайындалды.

«Целиноград қаласының құрметті азаматы» атағы  18 азаматқа  берілді.

 «Ақмола азаматының құрметті азаматы» атағы

Целиноград қаласының Ақмола қаласына атауы өзгеруіне байланысты, Бірінші шақырылым Ақмола қалалық мәслихатының он сегізінші сессиясының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен «Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы туралы ереже бекітілді, Целиноград қалалықхалық депутаттары кеңесінің 1967 жылғы 10 маусымдағы «Целиноград қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ережені бекіту туралы» шешімі күшін жойды деп танылды.

«Ақмола қаласының құрметті азаматы» атағы 6 азаматқа берілді.

 «Астана каласының құрметті азаматы» атағы 

Бірінші шақырылым Ақмола қалалық мәслихатының 38 сессиясының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен Ақмола қаласының Астанақаласына атауы өзгеруіне байланысты мәслихаттың 1996 жылғы 18 қыркүйектегі шешіміне өзгерістер енгізілді, «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296 Заңына сәйкес, «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру құқығы берілді. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы шешімімен «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі  бекітілді.

«Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілген азаматтар тізімі.