Тулеутаев Мухтар Есенжанович

№23 сайлау округі

Тулеутаев Мухтар Есенжанович 1958 жылғы 31 қаңтарда дүниеге келді. 1983 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын, 2005 жылы – Қазақ қаржы-экономикалық институтын аяқтады. Емдеуші дәрігер, экономист мамандықтары бар.

Еңбек жолын Семей қаласының балаларға арналған клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінің мейіргері ретінде бастады.

Абай орталық аудандық ауруханасының хирургі, емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, облыстық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері, Семей қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Семей мемлекеттік медициналық академиясының медициналық орталығының директоры болып жұмыс ісиеді. 2009-2010 жылдары Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау стратегиясы және оны дамыту департаменті директорының орынабсары лауазымын атқарды.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап «Астана қаласының Онкологиялық орталығы» ШЖҚ-дағы МКК бас дәрігері.

Медициналық ғылымдардың кандидаты. Қазақстан республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»   Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапаттаған. Үйленген, үш баланың әкесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

 

 

Телефоны: 56-04-26

E-mail: m.tuleutaev@mail.ru