Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

1. Заңдылықты, құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдарының қызметі, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, басқа да заңнама актілерін жүзеге асыру бойынша мәселелерді сессияларда қарау жөнінде ұсыныс енгізеді.

2. Елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстықтың алдын алуды күшейту, азаматтарды заңдылыққа тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаларды және жоспарларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

3. Тиісті органдарға қалалық мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша қалалық мәслихаттың құзыретін қамтамасыз етеді.

4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалалық мәслихаттың Регламентін әзірлеуге, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуге қатысады.

5. Орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын міндетті ережелерді әзірлеуге қатысып, олардың орындалуын бақылайды.

6. Заңдылықты, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті сақтау, қалалық мәслихаттың құзырына жатқызылған және қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелерді дайындауға қатысады.

7. Қаланың қоғамдық кеңесімен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.