Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық барысы және 1941 - 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы қатысушылары туралы мәңгі есте сақтау жөніндегі жұмыс туралы

25. 02.2015          

Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық барысы және 1941 - 1945

жылдарғы Ұлы Отан соғысы қатысушылары туралы мәңгі есте

сақтау жөніндегі жұмыс туралы 

 

__________________

 

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары

көпшілік тыңдауларының ұсынымдары

 

 

Астана қаласы                                                                2015 жылғы 25 ақпан

 

 

 

Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге

дайындық барысы және 1941 - 1945

жылдарғы Ұлы Отан соғысы

қатысушылары туралы мәңгі есте

сақтау жөніндегі жұмыс туралы 

 

Көпшілік тыңдауларға қатысушылар «Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық барысы және 1941 - 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы қатысушылары туралы мәңгі есте сақтау жөніндегі жұмыс туралы» Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың баяндамасын талқылап, атқарушы органдар елордадағы мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлесіп мерейлі Жеңіс күнін атап өту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізу бойынша шара қабылдайтынын атап өтті.

1941 - 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізілді.

Жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге қаражат бөлінуде, оларға теңестірілген тұлғаларға - 20 000 теңге, тыл  еңбекшілеріне - 10 000 теңге. 7 ардагерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілетін болады. Әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері көзделген, соның ішінде қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру,  тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін тіс протездеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Орталық клиникалық госпиталінде стационарлық ем алу құқығымен пайдалану және басқалар.

Ардагерлердің Жеңістің 70 жылдығына арналған Мәскеу қаласында өтетін әскери шеруге қатысу, соғыс өткен және Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге бару жөніндегі қаржы шығыстарын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Ардагерге қамқоршылық» атты акциясын өткізу шеңберінде қаладағы ұйымдарға материалдық көмек көрсету үшін ардагерлерді бекіту жөнінде жұмыс жүргізілді. Соғыс ардагерлерінің тұрғын үй - тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында 84 соғыс ардагері тұратын тұрғын орын-жайға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы мәңгі есте сақтау мақсатында «Екі жауынгер» ескерткіші орнатылған скверді абаттандыру жөнінде іс-шаралар өткізу жоспарлануда. «И.В. Панфиловқа ескерткіш» монументінің эскизін әзірлеу жөнінде ашық республикалық конкурс өткізіліп, үздік жоба іріктелініп бекітілді, ол - «Генерал И.В. Панфилов атындағы аллеяны жобалау» атты эскиздік жоба.

Жеңіс күнін атап өту жөніндегі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу үшін «1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған                 іс-шараларды өткізу», «1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту шеңберінде имидждік материалдарды дайындау», «Жеңістің естелік значоктары мен ленточкаларын әзірлеп шығару» сияқты конкурстар жарияланды, «Память длиной в 70 лет» тақырыбында бейнеролик дайындалды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қаланың барлық кітапханасында «Атам - мақтанышым!» атты акция басталды. Ақпан айынан бастап  «АЛЖИР» мұражайында «Великая Победа - назидание потомкам» тақырыбында бейнепанорамдық көрме өтуде.

«Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» қалалық газеттерінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған арнайы тұрақты айдарлар жарық көруде. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту шеңберінде орындалған жұмыс туралы хабардар ету жөніндегі медиажоспар әзірленуде.

Сонымен бірге, көпшілік тыңдауға қатысушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жауынгерлердің атаулы тізімін көрсетумен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақмолалық жауынгерлердің батырлығы мен ерлігі туралы мәңгі есте сақтау жөнінде Астана қаласының мәслихатына жолдаған бірнеше өтініші оң шешімін таппағандығын атап өтті.

Ұлы отан соғысының майданында фашисттермен күресте, соның ішінде Ленинград пен Сталинградты қорғау кезінде ерлік көрсеткен 310, 387, 29-шы атқыштар және 106-шы кавалерия дивизиялары құрылған қала мен Ақмола облысының қазақстандық әскери бөлімшелерін құрудағы маңызды рөлі мен маңыздылығын ескере отырып, аталған дивизияларға қала вокзалы маңындағы алаңда мемориалдық тақтай орнату қажет.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрып жатқан үйлердің кіреберістерін жөндеу, оларда «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген атаулы маңдайша орнату мәселелерінің қаралуы талап етілуде.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы естелік күнінің таяу уақытта болуына байланысты көпшілік тыңдауға қатысушылар төмендегіні ұсынады:

1. Астана қаласының әкімдігі, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, қалалық басқармалар мен ұйымдар, елордадағы қоғамдық бірлестіктер: 

- жұмыс топтарының Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындалу және оны өткізу, Жоспардың іс-шараларын уақтылы орындау жөніндегі жұмысын жандандырсын. Кәсіпорындар, мекемелер мен коммерциялық құрылымдардың соғыс ардагерлеріне шефтік қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша шара қабылдасын;

- ардагерлердің денсаулығы мен тұрғын үй жағдайына ерекше назар аудара отырып, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың жағдайын зерделеу;

- Отан қорғаушылары туралы мәңгі есте сақтау туралы бойынша шараларды жүзеге асыру. «Екі жауынгер» ескерткіші орнатылған аумақты абаттандыру, И.В. Панфиловке ескерткіш орнату жөніндегі жұмыстарды уақытында аяқтау;

- жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ұлы отан соғысы ардагерлерінің қала вокзалы маңындағы алаңда елорда мен Ақмола облысында құрылған дивизияларға мемориалдық тақтай орнату жөніндегі ұсыныстарын қолдау.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары Пәтер иелері кооперативтерінің қауымдастығымен бірлесіп: 

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрып жатқан үйлердің кіреберістерін жөндеу жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру. Оларда «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген атаулы маңдайша орнату мәселесін қарау.

3. Тілдерді дамыту басқармасы: 

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мәңгі есте сақтау үшін олардың аттарын елорда көшелеріне, саябақтары мен скверлеріне, қаладағы жалпы білім беретін мекемелерге беру мәселесін қарау.

4. Ішкі саясат, білім, жастар саясаты мәселелері, мәдениет, туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармалары: 

- жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, олардың әскери тарих туралы білімін кеңейту мақсатында Жеңістің 70 жылдығына арналған патриоттық бағыттағы тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру. Оыс мақсатта соғысқа қатысушылардың ерлігін кеңінен жариялау;

- ардагерлерге барумен әлеуметтік-гуманитарлық акцияларды ұйымдастыру, волонтерлік қозғалыс пен тимур жасақтарының қызметін жандандыру.

5. Ішкі саясат басқармасы:

- мерекеге дайындалу мен атап өтудің барлық кезеңі бойы бұқаралық ақпарат құралдарында өткізіліп жатқан іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

 

                     

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                      С. Есілов