Жүсіпова Зәуре Гинаятовна

№2 сайлау округі

Жүсіпова Зәуре Гинаятовна 1961 жылғы 18 мамырда Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданында туды.

1982 жылы «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтты аяқтады.

Еңбек қызметін Торғай облысы Державинск ауданының Тасөткел орта мектебінде физика мұғалімі ретінде бастады. Державинск ауданының Тасөткел орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

1994-2007 жылдары Астана қаласының № 13 мектеп-лицейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2007-2010 жылдары Астана қаласының № 57 орта мектебінің директоры лауазымын атқарды. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының № 84 мектеп-лицейінің директоры болып жұмыс істейді.

Мемлекеттік наградалары бар. «Ерен еңбегі үшін» /2015/ медалімен, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" /2011/, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» /2015/  мерейтой медальдары, «Ы. Алтынсариннің» төс белгісі /2011/, «Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов» медалі /2014/,  «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» /2015/ медальдарымен марапатталған.

Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.

2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Тел.:  99-66-17

E-mail:  shl_59@mail.ru

Басылымдар:

  1. Депутат Зауре Гинаятовна Жусупова өзінің сайлау округінде бірқатар кездесулер өткізді