ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Жаңалықтар

18.06.13
Ағымдағы жылдың 18 маусымында М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен тұрақты комиссияның мәжілісі өтті, онда Қаржы басқармасының басшысы Б.Ұ. Сағын депутаттарға «Қаржы басқармасының Астана қаласы коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік активтерді тиімді басқару бойынша жұмысы туралы» 2012 жылғы 15 маусымдағы тұрақты комиссияның қаулысының орындалу барысы туралы хабарлама жасады.
11.06.13
Ағымдағы жылдың 11 маусымында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына «Елордада шағын және орта бизнестің жай-күйі мен оны қолдау және дамыту шаралары туралы» мәселесіне дайындалу аясында Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен «Қазіргі заманғы жағдайда бизнес пен биліктің өзара тиімді әрекеті» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
05.06.13
Мәслихаттың кезекті сессиясына «Елордада шағын және орта бизнесті қолдау және дамытудың жай-күйі мен барысы туралы» мәселесін дайындау барысында ағымдағы жылдың 4 және 5 маусымында депутаттар «LED Solution» ЖШС, «Такенов» ЖК, «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС, «СтальЦинк» ЖШС кәсіпорындарын аралап қайтты.
30.05.13
Қаржы басқармасының басшысы Бекбол Сағын баяндағандай, Астана қаласының бюджеті кірістер бойынша 103 пайызға, шығындар бойынша тиісті бекітілген көрсеткіштерден 98,7 пайызға орындалды. Қала экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштері өзінің оң үрдісін жалғастырды. Елордада жалпы өңірлік өнімнің деңгейі 2012 жылы 2,7 трлн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 12,8 % жоғары.
27.05.13
2013 жылдың 27 мамырында А.К. Байгенжиннің төрағалық етуімен әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
24.05.13
Ағымдағы жылдың 24 мамырында Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен «Астана қаласы аумағының санитарлық-эпиемиологиялық жай-күйі туралы» тақырыбына тұрақты комиссияның көпшілік тыңдауы өтті.
23.05.13
Ағымдағы жылдың 23 мамырында У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті, онда қаржы басқармасы бастығының орынбасары Б.М. Сүлейменова мен Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.О. Молдаш бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа»
22.05.13
2013 жылдың 21 мамырында Н.И. Мещеряковтің төрағалық етуімен заңдылық, құқық тәртібі және көпшілікпен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Қала бюджетінің орындалуы туралы есептермен Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Б.М. Сүлейменова және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.О. Молдаш баяндама жасады...
22.05.13
Ағымдағы жылдың 22 мамырында М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен тұрақты комиссия өз мәжілісінде Астана қаласының 2012 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Б.М. Сүлейменова мен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.О. Молдаштың есептерін тыңдады.
16.05.13
Ағымдағы жылдың 15 мамырында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының Н.И. Мещеряковтың төрағалық етуімен өткен мәжілісінде «Астана қаласының халқын, шаруашылық ету объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйі мен алдағы уақытта жетілдіру шаралары туралы» мәселесі қаралды.
09.05.13
Мәслихат хатшысы кездесуде ардагерлермен сұхбаттасып, алдағы келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, ардагерлердің дендеріне күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілей отырып, олардың сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен батырлығы мен ерлігіне алғыс білдірді.