ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Жаңалықтар

29.04.13
Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендина «Тұрақты комиссияның 2012 жылғы 9 тамыздағы «Білім басқармасының Астана қаласының кәсіптік-техникалық мекемелерінде жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жұмысы туралы» қаулысының орындалу барысы туралы» өз баяндамасында Астана қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру басымдылығы ескерілгендігін атап өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру желісін кеңейту мақсатында 3 колледждің құрылысы қарастырылды. Жеке колледждерді техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға тарту және қатыстыру бойынша шаралар қабылдануда, қоса оқыту бойынша шарттар жасалды және елорданың еңбек нарығында қажетті кадрларды кәсіби дайындық және оқыту менеджменті мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің техникалық және кәсіптік қызмет саласын таңдауын қалыптастыру бойынша кәсіптік-бағдарлау жұмысы жүргізіледі.
26.04.13
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Н.И. Мещеряковтың төрағалық етуімен «Астана қаласының халқын, шаруашылық ету объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйі мен алдағы уақытта жетілдіру шаралары туралы» мәселесін дайындау аясында, заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы СПЧ-5 аумағындағы спорт кешеніне, су-құтқару станциясына, № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, ЦОУСС және кіші дағдарыс орталығына барып-қайтты.
19.04.13
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті, онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары А.А.Түгелбаева «Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 26 маусымдағы шешімінің орындалуы туралы хабарлады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағаларда 196,4 млрд. теңгеге дейін жетті және 19 млрд. теңгеге өсті.
08.04.13
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Р.М. Аманжолов өз баяндамасында қаланың шеткері аймақтарының инженерлік, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. 2020 жылға дейінгі перспективасымен Астана қаласының шеткері аймақтарын орташа кезеңді мерзімге дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес, 20 тұрғын алабында қаланың шеткері аймақтарының автомобиль жолдарын, инженерлік желілерін жобалау, салу, қайта жөндеу және жөндеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен, 2011-2012 жылдары 63 км жол және 90,6 км инженерлік желі салынды. Бүгінгі күні Күйгенжар, Қазақ ауыл, Пригородный тұрғын алаптарында жұмыстар толығымен аяқталды.
28.03.13
Сессияның негізгі мәселесі бойынша «Астана қаласында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» баяндамамен Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаева шығып сөз сөйледі. Баяндамашы мәслихат сессиясын қалалық атқарушы органдармен өткізілген іс-шаралар және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданған тиімді шаралар туралы толық хабардар етті. Қалалық жұмыспен қамту қызметіне өтініш білдірген жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қорғаудың белсенді шаралары, оның ішінде жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға қатысу, кәсіптік оқытуға, жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу ұсынылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың мақсатты тобына енетін адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту бойынша шаралар қабылдануда. Осы мақсатта 1115 әлеуметтік келісім-шартқа қол қойылды. 2012 жылы экономиканың түрлі салаларында 18024 жаңа жұмыс орны ашылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Астана қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 6,2 %-дан 2012 жылы 5,6%-ға дейін төмендеді. Азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды және жұмыс берушілерді ақпараттандыру үшін сайт жасалды, «Рынок труда» газеті шығарылады.
19.03.13
Ағымдағы жылдың 19 наурызында қалалық мәслихатта Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен өткен көпшілік тыңдау өтті.    Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Р.Б.Қауғабаева депутаттарды сауда саласында елорда халқына қызмет көрсетудің жай-күйімен таныстырды. Соңғы үш жылдың ішінде бөлшек саудада тауар айналымы көлемінің өсімі жыл сайын 15 пайыздан асады. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында барлық өткізу арналары бойынша бөлшек саудада тауар айналымының жалпы көлемі нақты бағаларда 403,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 16,7 пайызға жоғары.
05.03.13
2013 жылғы 5 наурызда Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С.Есіловтің төрағалығымен елорда халқын жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
01.03.13
Ағымдағы жылғы 1 наурызда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында Н.И.Мещеряковтың төрағалығымен «Астана қаласының Қорғаныс істері бойынша департаментінің жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы» сұрақ қарастырылды. Астана қаласының Қорғаныс істері бойынша департаменттінің бастығы – М.К. Таласов өз баяндамасында азаматтарды әскери қызметке шақыру- Қарулы Күштерді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі екендігін атап өтті. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жүргізу бойынша шаралар қабылдануда.
28.02.13
Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындалу барысында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының Астана қаласында іске асырылу барысы туралы» сұрағы бойынша қалалық мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан мүгедектері одағы мен «Тұран-Профи» Халықаралық Кәсіптік Академиясына барды.
27.02.13
«Астана қаласы Қорғаныс істері бойынша департаменттің жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыстары туралы» сұрақты мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында қарастыру үшін дайындық шеңберінде депутаттар Астана қаласының Қорғаныс істері бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) барды.
26.02.13
Астана қаласы мәслихатында «Астана қаласындағы бірінші кезектегі объектілердің құрылыс жоспарларын жүзеге асырылуы жөніндегі жұмыстар туралы» тақырыпта Депутат күні болып өтті.