ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Жаңалықтар

22.02.13
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында елорда мәслихатының депутаттары «Астана қаласында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәселесі бойынша кезекті сессияға дайындық шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ және политехникалық колледжіне барып қайтты. Аталған объектілерге бару кезінде мәслихат депутаттары олардың жұмыстарымен танысып, ұжымдарымен кездесті, келелі мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
21.02.13
2013 жылғы 20 ақпанда Э.А.Суханбердиеваның төрағалығымен әлеуметтік және ұлттық-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Тұрақты комиссияның күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілген: 1. Ішкі саясат басқармасының этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары туралы. 2. Мәдениет басқармасының мәслихаттың «Астана қаласындағы мәдениет саласының жай-күйі мен дамуы туралы» шешімін орындау жөніндегі жұмыстары туралы.
14.02.13
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті.
31.01.13
2013 жылдың 30 қаңтарында Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың «Халықты жұмыспен қамту» заңына сәйкес құзыреті туралы» тақырыбына депутаттарды құқықтық оқыту өтті. «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттерін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Қуандыққызы Алтыбаева түсіндірді.
25.01.13
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген мәжілісі өтті. «Сәулет және қала құрылысы басқармасының елорданың заманауи инфрақұрылымын құруда қала құрылысы саясатын іске асыру бойынша жұмысы туралы» баяндамасымен Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы В.Б. Силецкий сөз алды. Қалада елорда аумағын кешенді дамытуды қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілуде.
27.12.12
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында У.М. Досаевтың төрағалық етуімен «Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы» күн тәртібімен комиссия мәжілісі өтті.
25.12.12
Астана қаласының мәслихатында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасын сақтау жөніндегі жұмысы туралы» тақырыбына депутат күні өтті.
12.12.12
Сессияда Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарау басқармасының бастығы Ж.Ғ. Нұрпейісов «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндады. Баяндамашының айтуынша Астана қаласы бюджетінің осы нақтылануы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіліп отыр. Осы нақтылау аясында бюджет қаражатын игеру мониторингісінің нәтижелері негізінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша ішкі қайта бөлу жүргізілуде.
06.12.12
«Астана қаласы ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың алдын алуды күшейту бойынша жұмысы туралы» баяндамасымен Ішкі істер департаментінің бастығы А.А. Әубәкіров сөз алды. Қаладағы криминогенді жағдайдың жай-күйі мен елордалық қылмыстылықпен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментімен қабылданатын шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлама жасады, ол Департаменттің жеке құрамымен қылмыстылықпен күресті күшейту және елордада үлгілік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралардың қабылданатындығы туралы депутаттарды сендірді.
27.11.12
2012 жылдың 27 қарашасында әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісінде «Астана қаласының балалар және басқа мамандандырылған мекемелерінде балалардың құқығы, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау және қорғаудың жай-күйі мен шаралары әлеуметтік-мәдени дамыту туралы» мәселесі талқыланды.