ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Жаңалықтар

27.11.12
2012 жылдың 27 қарашасында әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісінде «Астана қаласының балалар және басқа мамандандырылған мекемелерінде балалардың құқығы, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау және қорғаудың жай-күйі мен шаралары әлеуметтік-мәдени дамыту туралы» мәселесі талқыланды.
23.11.12
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында тұрақты комиссия мәжілісінде «Астана қаласының балалар және басқа мамандандырылған мекемелерінде балалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғаудың жай-күйі мен шаралары туралы» мәселесін қарастыру мақсатында, депутаттар жетім балалар және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріне барып-қайтты.
21.11.12
Мәслихаттың кезекті сессиясына «Астана қаласы ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың алдын алуды күшейту бойынша жұмысы туралы» мәселесі бойынша дайындық барысында Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов және сессия төрағасы Н.И. Мещеряковтің бастап баруымен қалалық мәслихаттың депутаттары Астана қаласы ішкі істер департаментінің бірқатар бөлімшелеріне барып қайтты.
21.11.12
2012 жылдың 21 қарашасында бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының оныншы, кезектен тыс сессиясы өткізілді.
16.11.12
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында У.М. Досаевтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшіліктендіру басқармаларының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттерінің жобаларын талқылау бойынша мәжілісі өтті.
15.11.12
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен тұрақты комиссия мәжілісті өткізді, онда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының және ауыл шаруашылығы басқармасының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобаларын талқылады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова депутаттарға баяндама жасады, онда жоғарыда атап көрсетілген бюджеттік бағдарламар әкімшілерінің дамыту өлшемдерін егжей-тегжейлі мазмұндады.
14.11.12
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында У.М. Досаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті, онда Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова депутаттарды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары мен Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының алдағы үш жылға бюджетінің жобаларымен және стратегиялық дамыту жоспарларымен таныстырды.
13.11.12
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарында белгіленген негізгі дамыту өлшемдерімен және құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобаларымен депутаттарды егжей-тегжейлі таныстырды.
12.11.12
test
12.11.12
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісінде А.Қ. Байгенжиннің төрағалық етуімен депутаттар елордалық денсаулық сақтау, мәдениет саласы, халықты жұмыспен қамту, дене тәрбиесі және спорт саласы үшін қажетті бюджеттік қаражаттың өлшемдеріне назар аудара отырып, Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобасын талқылады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Жүсіпова баяндағандай, Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау негізіне 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін бағалау және 2010-2011 жылдардың жиынтық деректері енді, аталған кезең елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері дамуының тұрақты серпінімен, экономиканың әлеуметтік секторындағы оң үрдістермен сипатталады.
08.11.12
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Н.И. Мещеряковтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісінде «Сарыарқа» ауданы полициясы учаскелік инспекторларының қоғамдық тәртіпті қорғау және аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы туралы» мәселесі қаралды.
08.11.12
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде «Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы» ақпаратымен Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова баяндама жасады.