ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Жаңалықтар

07.11.12
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында «Сарыарқа» ауданы полициясы учаскелік инспекторларының қоғамдық тәртіпті қорғау және аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы туралы» мәселесін дайындау аясында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы «Сарыарқа» ауданы ІІБ және № 15, № 16, № 20 полициясы бөлімдеріне барып-қайтты.
07.11.12
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Г.Т. Жүсіпова өз баяндамасында 2013-2015 жылдарға арналған бюджет жобасының негізгі параметрлерін және бюджеттік бағдарлама әкімшілері тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы басқармасының стратегиялық жоспарларын егжей-тегжейлі баяндап өтті.
06.11.12
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 78-бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында бекітілген графикке сәйкес Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің жобасын талқылау басталды.
31.10.12
Ағымдағы жылдың 30 қазанында мәслихат хатшысының міндетін атқарушы А.Қ. Байгенжиннің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық барысында, «Жергілікті бюджетті және стратегиялық жоспарларды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастыру және бекіту тәртібі туралы» тақырыбына депутаттарды құқықтық оқыту өтті.
17.10.12
2012 жылдың 17 қазанында қаланың автожолы желісін және тұрақты инфрақұрылымы объектілерін дамыту және кеңейту мәселелері бойынша Астана қаласы мәслихатының жария тыңдауы өтті. Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының бастығы Р.М. Аманжолов қалалық мәслихаттың депутаттарын Астана қаласының автожолы желісін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту және кеңейту бойынша істелінген жұмыстар туралы хабарлады.
11.10.12
Ағымдағы жылдың 11 қазанында Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен Дөңгелек үстел мәжілісі өтті, онда «Энергия тиімділігін арттыру қол жеткізу жолдары» мәселесі талқыланды. Қалалық мәслихаттың хатшысы іс-шараны аша отырып, «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі Үкіметтің қолдауымен елордада өмір сүру тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тиімді, үзіліссіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар күрделі жобаларды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті.
28.09.12
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде М.Е. Шекеновтің төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және коммуналдық-шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қ.І.Бейсенбиев депутаттарға энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы хабарлады. ТЭО-1, ТЭО-2 дайындығы 83 пайызды құрайды, «Астана-РЭК» АҚ энергия беруші ұйымның дайындығы 100 пайызды құрайды. Қаланың энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындары негізгі және қосалқы жылу энергетикалық және электр техникалық жабдықтарды, магистраль және ішкі кварталдық құбыр жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын орындады.
25.09.12
2012 жылдың 25 қыркүйегінде бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының тоғызыншы, кезекті сессиясы өтті. «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен келешектері туралы» баяндамасымен Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун сөз сөйледі Мемлекеттік бағдарламалар мен үлестік құрылыс нарығында жағдаятты тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың шеңберінде тұрғын үй құрылысын дамытудағы қабылданып жатқан шаралар тұрғын үйді пайдалануға берудің өсіп келе жатқан қарқындылығын сақтауға мүмкіндік бергенін атап өтті және 2005 жылдан бастап қалада жыл сайын 1,0 млн. шаршы метр пайдалануға беріледі, ал 2011 жылы аталған көрсеткіш шарты миллион шаршы метрге жақындады.
20.09.12
Ағымдағы жылдың 17 және 19 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың депутаттары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында, жол құрылысы және абаттандыру объектілеріне барып-қайтты.
20.09.12
«Энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» мәселені дайындау шеңберінде, депутаттар қаланың жылу-энергетикалық кешендеріне барып-қайтты. ТЭО-1, ТЭО-2 кешендеріне бару кезінде Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қ.І.Бейсенбинов, «Астана-Энергия» АҚ Басқармасының төрағасы, ТЭО-1 директоры Ю.Л.Утюжников, ТЭО-2 директоры Г.З.Тоқтыбаев, «Центрказэнергомонтаж» АҚ Бас директоры депутаттарға атқарылған жұмыстар туралы және олардың алдағы уақыттағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат жасады. Қаланы жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін ТЭО-2-де № 2 станциясының қазандық агрегаты, № 4 станциясының құбыр агрегатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, екі кешенде де станциялардың қазандық агрегаттарын кеңінен ағымдық жөндеулер жүргізілді.
18.09.12
Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық шеңберінде, 2012 жылдың 17 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есіловтің төрағалық етуімен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың тұрғын үй заңнамасына сәйкес өкілеттері» тақырыбына депутаттарды құқықтық оқыту өтті.