Құрметті сайтқа кірушілер

Сіздерді елорданың жергілікті өкілдік органы - Астана қаласы мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын.

Қалалық мәслихат «Электрондық Үкімет» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы сайтты аша отырып, мәслихат пен оның депутаттарының қала тұрғындарымен байланыстары дамып тереңдеуіне зор үміт артады. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, одан әрі даму перспективалары, қалалық мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы барынша толық ақпаратты әрбір сайтқа келуші ала алады. Қалалық мәслихаттың шешімдері мен нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпарат сайтта орналасқан.

«Сұрақ-жауап» бөлімінде Сіздер қалалық мәслихат басшылығы және депутаттарымен пікір алысып, қалалық мәслихат шешімдері жобаларын талқылауға қатысып, қалалық мәслихаттың қызметін жақсартуға ұсыныстар енгізе аласыздар. Әрбір сайлаушының өз депутатына сұрақ қойып, жауабын алуға мүмкіндігі бар.

Астана қаласы мәслихатының ресми сайты хабар қайнары және оған келушілердің сенімді көмекшісі бола отырып, қала тұрғындарының кең қатысуымен жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелерін шешуге ықпал етеді деген үміттемін.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Нұрпейісов Жанат